|
25.02.2022 | 09:07
675

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізілмек

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізілмек Facebook/Украинадағы ҚР елшілігі

Украинадағы Қазақстан Республикасының елшілігі ондағы қазақстандық азаматтарды шұғыл елге қайтару үшін арнайы рейс ұшырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі. 

Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир