Ердоған Түркия президенттігіне сайлауда көш бастап тұр

newsit.gr
newsit.gr
Ердоғанның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу әзірге 44,39 пайыз дауыс жинаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған берілген дауыстардың 96,49 пайыз қорытындысын санағаннан кейін көш бастап тұр. Қазірге дейін ол 49,92 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ердоған дауыстарды санаудың аяқталуын күтпей-ақ халық алдына шығып, шетелдегі түрік азаматтарының дауысы әлі толық берілмегенін айтты.

"Түпкілікті нәтиже әлі белгісіз болса да, біз көш бастап келеміз. Елімізде санақ жалғасып жатыр. Сайлау бірінші турда аяқталады деп ойлаймыз".

Сондай-ақ президент өзіне дауыс берген жерлестеріне алғысын білдірді.

"Түркия ұлттық ерік-жігердің үстемдігіне табандылығымен әлемнің алдыңғы қатарлы демократиялық елдерінің қатарында екенін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл азаматтардың сайлауға қатысу деңгейін дәлелдейді. Бұл тарихымыздағы ең көп дауыс берілген сайлау болды".

Ердоғанның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу әзірге 44,39 пайыз дауыс жинаған.

Новости партнеров