Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты
Depositphotos
Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркияның оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған, деп атап өтті ведомстводан.
AFAD мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта «жер бетінде» Түркия мен шет елдерден келген іздеу-құтқару жасағының 19 436 мүшесі жұмыс істейді.
Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды, оларды Түркияның министрліктері мен тиісті мекемелері, сондай-ақ шет елдер мен халықаралық ұйымдар ұсынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35