Олардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғасы сынып, көптеген жарақат алған
Италиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында тоғыз Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды sputniknews.kz Сиена провинциясының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, қалған төртеуі қонақүйге орналастырылды.
«Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғалары сынып, көптеген жарақат алған», - деп атап өтті ведомство.
Қазақстандық дипломат отандастарымыздың қасында, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Зардап шеккендердің туған-туыстарына да жол апаты туралы хабар берілді.
Incidente #Monteriggioni, un morto per ribaltamento bus turistico sulla #Autopalio. Le immagini del bus finito nella scarpata. Il raccordo autostradale Siena-Firenze è provvisoriamente chiuso in direzione Siena, con uscita obbligatoria allo svincolo di Monteriggioni. @TgrRai pic.twitter.com/bB83pVXpma
— Tgr Rai Toscana (@TgrRaiToscana) 22 мая 2019 г.
Еске сала кетейік, Сиена провинциясында сәрсенбі күні 60 турист мінген автобус аударылды. Жол апаты салдарынан ресейлік әйел қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости. Зардап шеккендердің саны 37 адамға жетті.