Ол қазір интенсив терапия палатасына ауыстырылды
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы нашарлады, деп tengrinews.kz хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, ол қазір интенсив терапия палатасына ауыстырылды.
Үкімет канцеляриясының ресми өкілінің айтуынша, Борис Джонсон жексенбіден бері дәрігерлердің бақылауында. Себебі оның дене қызуы әлі күнге дейін түспеген, ал жөтелі кетпеген.
"Түстен кейін премьер-министрдің жағдайы нашарларды. Дәрігерлер оны интенсив палатаға ауыстырды. Оған барлық көмек көрсетіліп жатыр, премьер-министр денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына алғыс айтып жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, премьер-министрдің орнына ол қызметке уақытша сыртқы істер министрі келетіні айтылады.