Жаңа Зеландияда қайық китке соғылып, 5 адам қайтыс болды

www.bbc.com
www.bbc.com
Бір адам жеңіл жарақат алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Зеландияда китке соғылған қайық аударылып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сенбі күні Жаңа Зеландияның Кайкоура қаласының маңында болған апат кезінде бортта он бір адам болған. Қала билігінің мәліметінше, 8,5 метрлік қайық су бетіне шығып келе жатқан китпен соқтығысқан, соның салдарынан адам өлімі тіркелді. Қайық капитанын қоса есептегенде тірі қалған алты адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін олар ауруханаға жатудан бас тартты. Бір адам жеңіл жарақат алған. Борттағы жолаушылар құстарды бақылау үшін әлем елдерінен жиналған турист болуы ықтимал.

Кайкоура теңіз әлемін тамашалағысы келетіндер жиі келетін орындардың бірі. Бұнда киттер мен дельфиндерді көрсету үшін туристерге теңіз саяхаттары мен тікұшақпен ұшу сапарларын ұсынатын кәсіпорындар бар.

Новости партнеров