|
03.04.2023 | 09:20
326

Brent мұнайының бағасы қайтадан өсіп жатыр

Оны дүйсенбідегі сауда-саттық деректерінен көруге болады

Brent мұнайының бағасы қайтадан өсіп жатыр ашық дереккөзден

Астана уақытымен сағат 04:09 шамасында Brent мұнайының бір баррелінің құны 6,43%, яғни 85,03 долларға дейін өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лондонның ICE биржасында 2023 жылдың маусымында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 7 наурыздан бері алғаш рет 85 доллардан асты.

Оны дүйсенбідегі сауда-саттық деректерінен көруге болады.

Сағат 04:23-ке қарай Brent баррелі 85,45 (өсім - 6,96%) долларға жетті.

Сонымен қатар 2023 жылдың мамырында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 7,15% қымбаттап, баррелі 81,08 долларға жетті.

2 сәуірде бірқатар ОПЕК+ елдері, оның ішінде Қазақстан күтпеген жерден мамыр айынан бастап жылдың соңына дейін мұнай өндіруді қысқартатынын жариялады.

Қысқартудың жалпы көлемі - тәулігіне шамамен 1,65 млн баррель болуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир