|
14.01.2021 | 09:20
2518

Трампқа импичмент жариялау туралы қаулы жарияланды

Президент Дональд Трамп АҚШ тарихындағы екі рет импичмент жарияланған алғашқы мемлекет басшысы болды

Трампқа импичмент жариялау туралы қаулы жарияланды Яндекс.Дзен

Трамптың импичменті күшіне енді. Соңғы сөз Сенатта болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Президент Трампқа импичмент жариялау туралы қаулыға Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қол қойды. 

Президент Дональд Трамп АҚШ тарихындағы екі рет импичмент жарияланған алғашқы мемлекет басшысы болды. Бұл шешімді мақұлдауы тиіс Сенат жаңа президент инаугурациясынан кейін айыптауларды қарастырмақ. 

Сәрсенбі күні кешке Конгрестегі демократтар кетіп бара жатқан президентті импичмент процесін тез арада өткізу туралы уәдесін орындады. 

Бірнеше сағат ішінде Өкілдер палатасы президент Трамптың айыптауларының жалғыз бабын қарап, мақұлдады, оны бүлікке итермелегені үшін кінәлі деп жариялады. 

Импичмент Палата спикері Нэнси Пелоси құжатқа қол қойғаннан кейін күшіне енді. Алайда түпкілікті шешімді Сенат қабылдауы керек. 

Бір күн бұрын Капитолий ғимаратының айналасына АҚШ Ұлттық гвардиясының 15 мың қарулы жауынгері орналастырылды. Кейбір заң шығарушылар атап өткендей, бұл Ирак пен Ауғанстандағы америкалық әскери контингенттен де көп. 

Ондаған сарбаздар Конгресс дәліздерінде еденде отырды, сондықтан заң шығарушылардың бірі журналистерге бұл ғимарат әскер казармасын еске салатынын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир