АҚШ-та «Элиот» қарлы дауылының салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жексенбі күні 200 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды. Бір күн бұрын мыңдаған ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды. Нью-Йорк штатындағы Буффало-Ниагара халықаралық әуежайы жабылды. Нью-Йорк пен қала маңындағы тұрғындардан газ тұтынуды азайту сұралды.
Көптеген штаттарда температура рекордтық деңгейге дейін төмендеді. Ауа райының қолайсыздығы туралы ескертулермен ел халқының үштен екісі қамтылды.
«Бақылаулар тарихында мұндай суық пен аяз АҚШ-та алғаш рет тіркеліп отыр», - деп хабарлайды Ұлттық ауа райы қызметі.
Кейбір аудандарда термометрлер минус 45 градусқа дейін төмендеген. Бірқатар штатта төтенше жағдай жариялады.
Күшті қарлы дауыл Канададан Техасқа дейінгі аумақты қамтыды, салқын жел, қатты жаңбыр мен аязды ел халқын әбігерге түсірді.
Бұған дейін АҚШ-та қарлы боран салдарынан 23 адамның қаза тапқаны хабарланған. Мұнда соңғы 40 жылдағы ең суық Рождество болады деп күтілуде.