Әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті (видео)
Жантүршігерлік қылмыс видеоға түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресей астанасының маңындағы Раменскте әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik.
Жантүршігерлік қылмысқа куәгер болған бала ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел өзін өлтірген 25 жастағы жігітпен бұрын бірге тұрған.
Куәгерлер әйелдің балалар алаңында болғанын айтады. Сол жерге жеңіл көлік келіп тоқтап, ішінен ер адам жүгіріп шыққан. Ол бірден әйелді пышақтай бастапты. Кейін ізін суытқан.
27 жастағы әйелдің денесінен 20-ға жуық ашық жарақат табылды. Қылмыс видеоға түсіп қалған.
Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің көлігі табылған. Ол полициядан жасырыну үшін орманға тығылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30