Әйел баласын туа сала кір машинасына салып «жуып» жіберген

27.01.2020 14:25

Сарапшылар баланың өлі туғанын не кір машинасында қайтыс болғанын анықтау үстінде

Kokshetau Asia

Оқыс оқиға Свердлов обласының Талица қаласында болған. Анасы өзінің құрсағынан шыққан нәрестесін кір машинасына салып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv «Регион Online»-ға сілтеме жасап.

Анықталғаны, әйел жүкті кезінде бірде-бір медициналық мекемеге тіркеуге тұрмаған. Және бір қызығы, оның толғағы түн ортасында күйеуі мен басқа балалары ұйықтап жатқанда қысқан.

«Келіншектің күйеуі болған жайтты таңертең ұйқыдан тұрған сәтте бір-ақ көрген. Содан бірден полицияға хабарласқан», - дейді ақпарат көзі.

Әйел баланың өлі туғанын айтып ақталуда. Алайда жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыз тірі туған. Бүгінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті.