Джо Байден түлектерді құттықтау кезінде сахнада шалынып құлап қалды

02.06.2023 14:26

Ол сахнада жатқан құм салынған қапқа шалынып қалған

Depositphotos

АҚШ президенті Джо Байден Колорадодағы Әскери-әуе күштері академиясының түлектерін құттықтау кезінде сахнада құлап түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Байден сахнада жатқан құм салынған қапқа шалынып қалған. Сақшылар дер кезінде жетіп, 80 жастағы президентті аяғынан тұрғызуға көмектесті.

Көп ұзамай Ақ үй әкімшілігі АҚШ басшысының жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның жағдайы жақсы екенін айтты.

Бұған дейін Байден Питтсбургте (Пенсильвания) сөз сөйлегеннен кейін абдырап қалып, сахнадан шығудың жолын бірден таба алмағаны туралы ақпарат тараған еді.

 

Joe Biden just fell at the Air Force graduation ceremony

This man needs to retire and spend his final days relaxing with family

pic.twitter.com/bX13GqDfk9

— DC_Draino (@DC_Draino) June 1, 2023

 

Оқи отырыңыз: Қапы қалмаңыз: көрермен көзайымына арналған үздік жобалар