Жапониядағы жер сілкінісі: зардап шеккендердің саны 52-ге жетті
© EPA-EFE/JIJI PRESS
Токионың бірнеше кварталында құбырлар жарылып, тротуарларды су басқан, үйлердің бірінің қабырғасы құлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жапонияда магнитудасы 5,9 болған жер сілкінісі салдарынан 52 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Токио және Тиба префектураларының шекарасында орналасқан, тереңдігі – 75 шақырым. Токионың Адачи ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен, сондай-ақ жылдамдығы жоғары пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.
Токионың бірнеше кварталында құбырлар жарылып, тротуарларды су басқан, үйлердің бірінің қабырғасы құлады.
Метеорологтар жергілікті тұрғындарға алдағы жеті күні жерасты дүмпулері қайталануы ықтимал екендігін ескертті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36