Ұшақ бортында барлығы 157 адам болған, олардың сегізі экипаж мүшелері болса, қалғандары жолаушылар
Эфиопиядағы апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде Қазақстан азаматтары болмаған. Қайтыс болғандар қатарында 33 елдің азаматтары бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, кеше Эфиопия астанасы Аддис-Абебадан ұшып шыққан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында барлығы 157 адам болған, олардың сегізі экипаж мүшелері болса, қалғандары жолаушылар.