|
29.01.2020 | 09:27
1192

Гүлнара Каримованың шетелдегі жылжымайтын мүлкінің тізімі жарияланды

Олардың жалпы құны - 40 миллион фунт стерлинг (52 миллион доллар)

Гүлнара Каримованың шетелдегі жылжымайтын мүлкінің тізімі жарияланды ru.slovoidilo.ua

Аса ірі көлемдегі алаяқтықпен күресетін ұлыбританиялық SFO (Serious Fraud Office) бюросы Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі жылжымайтын мүліктер тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Суррей графтығындағы зәулім үй және Лондон қаласындағы беделді аудандарындағы екі пәтер туралы айтылады. Олардың жалпы құны - 40 миллион фунт стерлинг (52 миллион доллар).  Суррей графтығындағы Gorse Hill Manor поместьесін Каримова 2010 жылы 18 миллион фунтқа сатып алған. Бүгінде бұл нысан 30 миллион фунтқа бағаланған. Оның ауласында 1912 жылдан бері келе жатқан көл бар және бау-бақшасы 70 мың шаршы метр. 

Лондондағы пәтерлердің бірі Мейфэр ауданында (8 миллион фунт), екіншісі - Белгравия ауданында (2 филлион фунт) орналасқан.  Айта кетейік, 2018 жылы қазанда SFO Ұлыбритания Жоғарғы сотынан Заң бойынша қылмыстық жолмен келген активтерді тәркілеу туралы арыз берген. Бұл активтерді Гүлнара Каримова мен Рустам Мадумаров Өзбекстанда сыбайлас жемқорлық арқылы алған делінеді.  Еске салайық, 2019 жылы наурыздан бері Гүлнара Каримова Ташкент ауданындағы № 21 жалпыға бірдей колонияда жазасын өтеп жатыр. Қаңтарда Ташкентте Каримоваға қатысы бар тағы бір қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир