Венгрияда тұңғыш рет әйел президент сайланды
Depositphotos.com
Оған 199 депутаттың 137-сі дауыс берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Каталин Новак Венгрияның жаңа президенті болып сайланды. Оған 199 депутаттың 137-сі дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осыған дейін ол отбасы істері министрі болды. Оны премьер-министр Виктор Орбан басқаратын FIDES - Венгрияның азаматтық одағы партиясы ұсынған.
Каталин Новакқа Венгрия Ұлттық жиналысының 199 депутатының 137-сі дауыс берді.
Zakon.kz хабарлауынша, 44 жастағы Каталин Новактың сайлаудағы қарсыласы оппозициялық коалициядан шыққан 80 жастағы үміткер, экономист Питер Рона болды.
Айта кетейік, Республика Президентін Ұлттық Жиналыс бес жыл мерзімге сайлайды. Янош Адер бұл қызметті 2012 жылдан бері екі рет атқарған. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Адердің өкілеттігі 10 мамырда аяқталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10