Бір түндік пәтер жалдаған қос ғашық тірідей өртенді

Бір түндік пәтер жалдаған қос ғашық тірідей өртенді
36 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам пәтер иесімен бірге арақ ішіп, есірткі тұтынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Башқұртстанның Жоғарғы соты екі адамның өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Өрт қоюшы Константин Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айрылды.  

Башқұртстан тұрғыны қос ғашықты тірідей өртеп жіберді. Трагедия 7 наурыз күні түнде Уфадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.  

Ғашықтар бір түнге пәтер жалдаған. 36 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам пәтер иесімен бірге арақ ішіп, есірткі тұтынған. Қонақтар оңаша қалуды жөн көріп, асүйдің есігін диванмен тіреп қояды. Таңертең Вавилов тағы да есірткі қолдану үшін асүйге кірмек болыпты. Дегенмен «квартиранттар» оны ішкі кіргізбейді, содан қатты ашуланған пәтер қожайыны асүйдің есігіне бензин шашып, от қойған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Вавилов сыртқы есікті жауып, пәтерден жүгіріп шыққан. Ер адам сол жерде иіс тиіп көз жұмды, ал әйел әрең дегенде сыртқа шыққан, дегенмен ол қатты күйіктен 20 күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, әйел өлер алдында тергеушілерге түсінік беріп үлгерген.  

Қылмыскер жауап алу кезінде пәтер өртенген кезде дүкенге шығып кетіп едім деп өтірік айтқан.

Вавилов бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды, жазасының бір бөлігін өтеп болмаған ол пробациялық бақылауда жүрген. Осы жағдай ескеріле отырып Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.  

Новости партнеров