«Тәрбиелеу» мақсатында: ер адам 8 жастағы баланы көлігімен сүйреген (видео)

02.05.2019 14:29

«Тәрбиелеу» мақсатында ағасы кәмелеттік жасқа толмаған баланың қолын байлап, көлігіне қадаған

Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін BMW көлігіне тіркеп, 20 метр жерге дейін сүйреген. Бұл туралы әлеуеттік құрылымдардың қызметкерлері Kaktus.media басылымына хабарлаған, деп жазады Stan.kz.

27 сәуірде Бішкектегі Первомайлық АІІБ-ге «Алтын-Қазық» атты тұрғын үйлер кешенінде баланы біреу ұрып жатқандығы жайлы хабарлама түскен.

Оқиға орнына милицияның қызметкерлері барған. Көршілерінің айтуынша, 2010 жылғы бала сағат 8:00-де апасының үйінен ақша ұрлапты-мыс. Оны нағашы ағасы ұстап алған көрінеді.

«Тәрбиелеу» мақсатында ағасы кәмелеттік жасқа толмаған баланың қолын байлап, көлігімен 20 метрдей жерге сүйреген.

Милиция қызметкерлері ұлды 3-ші балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оны қарап шығып, нейрохирургия бөліміне жатқызды. Баланың анасы Ресейде жұмыс істейді.

Аталған оқиғаға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Милиция күдіктіні қолға түсірді.