Колледж студенті атыс шығарды (видео)

Оның бұл әрекетіне оқытушының кешіккені үшін аудиториядан қуып жібергені себеп болған көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Благовещенск қаласында болған атыс салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шекті. Оқиға Амур құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық колледжінде болған. Атысты колледжің 4- курс студенті 18 жастағы Даниил Засорин ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның бұл әрекетіне оқытушының кешіккені үшін аудиториядан қуып жібергені себеп болған көрінеді. Ал полиция ақпаратына сенсек, атысқа құрдастар арасындағы кикілжің түрткі болған.

Засорин оқиғадан соң өз-өзіне қол жұмсаған. Журналистермен тілдескен шабуылшының курстастары Даниилды салмақты әрі тыныш бала деп сипаттаған. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген бейнекадрларды әлеуметтік желіге таратып жіберген. Онда полиция көлігінің колледж ғимараты маңында тұрғаны, жарақат алған жігіттің еденде жатқаны анық көрінеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Новости партнеров