Сеул қаласында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті

07.11.2022 14:31

Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

Жексенбі күні Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына (Сеулден 18 км қашықтықта орналасқан) бара жатқан.

Пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған.

Болған оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылды.

Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Теги: пойыз