Кембридж университетінің дәрістері келесі жылы онлайн өтеді

20.05.2020 14:45

Университет 2020-2021 оқу жылында дәрістерді тек онлайн өткізу туралы шешім қабылдады

angliya.com

Кембридж университеті 2020-2021 оқу жылында дәрістерін тек онлайн өткізбек, деп хабарлайды Almaty.tv ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  

Кембридж университеті келесі оқу жылында коронавирусқа байланысты дәрістерді дәстүрлі түрде өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған.  

«Әлеуметтік арақашықтықты сақтау әлі де жалғасуы мүмкін екенін ескере отырып, университет 2020-2021 оқу жылында дәрістерді тек онлайн өткізу туралы шешім қабылдады», - деп мәлімдеді университет. 

Университет дәрістері енді тек онлайн түрде өткізілмек. Студенттер тек барлық сақтық шараларын сақтаған жағдайда ғана шағын топтарға сабақ өту мүмкін екені айтылды.