Душанбе қаласында Наурыз мерекесіне орай ең биік суманак орнатылды

17.03.2021 14:32

Оның биіктігі – 30 метр

YouTube

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласы Наурыз мерекесіне орай безендіріле бастады. Онда әлемдегі ең биік Наурыз символы орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі mir24.tv-ға сілтеме жасап.

Қаланың орталық алаңында әлемдегі ең биік жасыл суманак орнатылды. Суманак дегеніміз – бидайдан жасалған тағамның түрі. Ол піскен бидай сабзадан дайындалады. Ал сабза тәжік халқы үшін Наурыз мерекесінің символы саналады. Орнатылған суманактың биіктігі – 30 метр, әзірге әлемдегі ең биік атрибут. Ол қазірдің өзінде көрнекті орынға айналып үлгерді.