Түркияда жер сілкінісінен 260 сағат өткен соң 12 жастағы бала құтқарылды

17.02.2023 14:32

Қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты

trthaber.com

Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен 260 сағат өткен соң 12 жастағы бала үйінді астынан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Он екі жасар шетелдік Осман Халебие Хатай қаласының орталығындағы Антакия ауданында үйінділерді тазалау кезінде табылған. Бала ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері бүгінгі күннің жалғыз жақсы жаңалығы бұл ғана емес екенін айтады. Кахраманмарашта 29 жастағы Неслихан Кылынч құтқарылған. Ол үйінді астында 258 сағат жатқан.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел есін біледі, жағдайы қанағаттанарлық. Ол ауруханаға жеткізіліп, жылу терапиясын алып жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты.