Бір күн бұрын 195 адамның қаза тапқаны хабарланған еді
Бразилияның Петрополис қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны мен көшкін болып, мерт болғандар саны 204 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бір күн бұрын 195 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. 51 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Құрбан болғандардың 33-і - балалар мен жасөспірімдер. Іздеу-құтқару операциясы 9 күннен бері жүріп жатыр, оған қатты жел мен жаңбыр кедергі келтіруде.
Бұған дейін хабарланғандай, жедел қызмет 190 көшкін мен 230 оқиға туралы ақпарат алған. 80 тұрғын үй ғимаратына зақым келіп, соның ішінде 54-і толық қираған. 15 ақпанда алты сағаттың ішінде 260 мм (айлық нормадан көп) жауын-шашын жауған, қала билігі ТЖ режимін енгізді.