Тайланд билігі ел астанасының атауын өзгертті

17.02.2022 14:35

Таиланд премьер-министрінің кеңсесі берген түсініктемеге сәйкес, мәтіндегі Бангкок сөзі қаланың жаңа атауынан кейін жақшаға алынып жазылуы мүмкін

planettravel24.com

Бангкок қаласының атауы ресми түрде Крунг-Тхеп-Маха-Накхон деп өзгертілді. Оның сөзбе-сөз аудармасы "Ұлы астана періштелер қаласы" дегенді білдіреді.

Таиланд астанасы ұзақ атауға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Корольдік ғылыми кеңес халықаралық жер-су атауларының сөздігіндегі елдердің, аумақтардың, әкімшілік аймақтардың және астаналардың емлесін "қазіргі жағдаймен сәйкестендіру үшін" жаңартты.

"Заң комиссиясы жаңа тізілім бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін ол күшіне енеді", – деп көрсетілген Кеңес мәлімдемесінде.

Таиланд премьер-министрінің кеңсесі берген түсініктемеге сәйкес, мәтіндегі Бангкок сөзі қаланың жаңа атауынан кейін жақшаға алынып жазылуы мүмкін.

Ел астанасының ағылшынша атауы Бангкок болғанымен, ол ежелден тай тілінде Крунг-Тхеп-Маха-Накхон деп аталып келген. 2001 жылдан бастап ел билігі Бангкокты ресми атау ретінде бекітті.