Афроамерикалық Флойд қылқындырудан көз жұмғаны белгілі болды

02.06.2020 14:36

Қайтыс болу себебі «өлтіру» деп көрсетілген

© AP Photo/Matt Rourke

Миннеаполистегі ресми сот-медициналық сараптама афроамерикалық Джордж Флойдты қылғындырудан өлді деген қорытынды шығарды, деп хабарлайды Tenghinews.kz

РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хеннепин округінің (Миннесота штаты) сот-медициналық сараптамасы таратқан баспасөз релизінде «өлімнің себебі» деген жолға «құқық қорғау органдарының қызметкері қысып және мойнынан қылғындырғаннан кейін жүрек-өкпе қызметі тоқтап қалған» деп жазылған.

Қайтыс болу себебі «өлтіру» деп көрсетілген.

Басында дәрігерлер Флойд қылғындырудан қайтыс болды деп есептемеді. Кейін оның отбасы мәйітті тәуелсіз мамандарға тексертіп, нәтижесінде оны тұншықтырған деген қорытынды шыққан болатын. Енді бұл шешімді ресми сот-медицина сараптамасы растады.

Еске салайық, Флойдты 25 мамырда полицейлер ұстаған. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басады. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталған болатын.

Теги: Митинг