Иран Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасын зымыранмен атқылады

08.01.2020 14:37

Иран әскерилері Ирак аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери нысандары мен коалицияларына 12-ден астам баллистикалық ракета жіберген

Иран АҚШ-тың Ирактағы екі бірдей әскери базасын зымыранмен атқылады. Америка Қорғаныс министрінің қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Джонатан Хоффман мәлімдемесінде 7 қаңтар күні кешкі 17:30 шамасында Иран әскерилері Ирак аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери нысандары мен коалициясына 12-ден астам баллистикалық ракета жіберді делінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Иран зымырандарды Әл Ассад және Ирбид базаларына бағыттаған. Пентагон өкілі қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі есептеліп жатқанын айтты. Құрбан болған адамдардың бар-жоғы әзірге белгісіз. Өз кезегінде Иран соғысуға мүдделі емес екеніндігін, ал АҚШ базаларына зымыран соққысын қорғану мақсатында жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Парсы елінің сыртқы істер министрі Джавад Зариф жазды. Ирандықтар АҚШ-тың саяси соққысына аза тұтумен қатар, қайткенде Америкаға қарымта шабуылмен жауап береміз деп отыр. Ал, Шииттер үшін қасиетті қала Кумдағы Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту - көтерілді. Олар үшін бұл - міндетті түрде қанды кек қайтаруды білдіретін рәміз. Еске салайық, екі ел арасындағы қақтығыс 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасағаннан кейін басталған болатын. Онда Иран генералы Касем Сулеманидің көз жұмғаны белгілі.