|
25.01.2022 | 09:37
745

Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды

Әуе айлағы әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұған қалың қар жаууы себеп

Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды inform.kz

Дүйсенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әуе айлағы әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұған қалың қар жаууы себеп. 

Ал Mynet жаңалықтар порталының хабарлауынша, республикалық маңызы бар автожолдарда қалың қардың жаууы мен апаттарға байланысты кептеліс туындаған. Бірнеше сағатқа Анкара мен Ыстанбұл арасындағы жол, сонымен қатар Ыстанбұл әуежайына апаратын кіреберіс жолдары жабылған.

Қазіргі кезде қалың қар жаууынан солтүстік-батыс провинцияларда, Мәрмәр теңізі аумағында қалыпты тіршілік пен көлік қатынасы бұзылған. Онда бірқатар ауданда орташа алғанда 20-30 сантиметр қар түскен. Сонымен қатар орталық провинциялар мен елдің оңтүстігіне жауын-шашын түскен. Курорттық Анталья, Мармарис пен Бодрумда қар жауады делінген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир