Президент мырза қолын жарақаттап алуына байланысты бүгін кешке Прагадағы Орталық әскери госпитальге жатқызылды
Чехия президенті Милош Земан қолын жарақаттап алуына байланысты ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Президент мырза қолын жарақаттап алуына байланысты бүгін кешке Прагадағы Орталық әскери госпитальге жатқызылды. Президент мырзаның қолына операция жасалады. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол отбасымен және қызметкерлерімен байланыста», – деді президенттің баспасөз хатшысы Йиржи Овчачек.
Оның айтуынша, 75 жастағы Земан оң қолын сындырған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03.00) операция басталған.