«Голос» байқауының жұлдызының денесі табылды (видео)
Жақындарының айтуынша, Алексей ваннадағы суға тұншығып өлген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
9 маусымға қараған түні «Голос» шоуы арқылы танылған әнші Алексей Сафиулин көз жұмды. Ол екі жыл бұрын аталған байқауға қатысып, әділқазыларды таңғалдырған еді.
Алексейдің денесі өз пәтерінен табылды.
Жақындарының айтуынша, Алексей ваннадағы суға тұншығып өлген. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Жанкүйерлері әншінің жақындары мен отбасына көңіл айтып жатыр.
«Осындай талантты адамның өмірден өткені өкінішті», «Әйелі мен балаларына қайғырып көңіл айтамыз», «Адам бүгін бар, ертең жоқ, жатқан жері жайлы болсын. Бүгін қайғылы хабармен ояндым», – дейді желі қолданушылары.
Айта кетейік, қазіргі таңда Алексей Сафиулиннің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Әншімен қоштасу рәсімі 13 маусым күні өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36