Әйел өз қызын өзенге әдейі батырып жіберді

22.11.2019 14:39

7 жасар қыздың денесі үш күннен соң өзен арнасынан табылған. Әйел сот алдында жауап береді

Sputnik

Дағыстандағы Чонтаул ауылының тұрғыны өз қызын өзенге батырды, деп хабарлайды Sputnik.

"Тергеу қажетті дәйектерді жинады. Қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберіледі. Әйелге қатысты шешім қабылданады", - деді полицейлер.

Олардың айтуынша, әйел қызын тәрбиелеп, өсіргісі келмеген. Сондықтан баланы суға батырып жіберу керек деп шешкен. Оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болды. Әйел 6 жасар қызын өзенге апарып, батып кеткенше күтіп тұрған. Кейін ізін жасырған.

Үш күннен соң қыздың денесі өзен арнасында табылды.