Нью-Йоркте метро стансасын топан су басты

02.09.2021 в 14:40

Нью-Йорктегі Мидтаун ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жердегі Ньюарк әуежайын су басты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «28-ші көше» жерасты метро стансасын топан су басты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Insider Paper басылымы бейсенбі, 2 қыркүйек күні Twitter-де жазды. Станса Манхэттендегі Флэтайрон кварталында, Бродвейдің 28-ші көшемен қиылысында орналасқан. Нью-Йоркте аяқ астынан жойқын су тасқыны туралы жарияланды. Қалада нөсер жауын толассыз жауып, суағарларға жиналған су қайта сыртына ағып жатыр. Сондай-ақ Нью-Йорктегі Мидтаун ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жердегі Ньюарк әуежайын су басты.

Теги: су метро