Оңтүстік Африканың 37 жастағы тұрғыны 10 бала дүниеге әкелді

09.06.2021 14:40

Бұған ата-ананың өзі де таңғалған

iol.co.za

Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясының тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-де алты баланы көрген. Біраз уақыттан кейін келесі ультрадыбыстық зерттеуден соң олар құрсақта сегіз нәресте бар екенін хабарлайды. Алайда 7 ай 7 күнде Тамара Ситол он баланы дүниеге әкелді: жеті ұл және үш қыз. Мұндайға акушерлер де, ата-ананың өзі де таңғалған.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді.

Ерлі-зайыптының алты жасар егізі бар.

Бір уақытта дүниеге келген балалар саны бойынша алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден 9 бала босанған.