Балабақша меңгерушісі балаға тіл тигізіп, жерді сүйгізді (ВИДЕО)

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Әйел адам сәбиді балағаттап, тізерлеп жерді сүюге мәжбүрлеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Краснодар қаласында балабақша меңгерушісі бүлдіршінді басқа балалардың көзінше балағаттап, жерді сүйгізген.

Әйел адамның балаға тіл тигізіп жатқаны түсірілген видео желіде жарияланған.

Балабақша басшысы балаға «тізерле» деп ұрысып, артынша өзі жұлқып, жерге отырғызды. Бейнежазбада әйелдің сәбиді «оңбаған, жексұрын» деп балағаттап жатқаны анық естіледі.

«Кубанские новости» басылымы жазғандай, оқиғадан кейін балабақша қызметкері жұмыстан шығарылатын болды. Бұл туралы Краснодар қаласы білім басқармасының директоры Алексей Некрасов хабарлапты.

«Меңгеруші өрескел қылық танытып, баланың намысына тиді, психикалық қана емес, физикалық қысым көрсетті. Осы әрекетімен басқа балалардың да намысын таптады», — деп түсіндірді ол.

Ал балабақша басшысы бүлдіршінді «бұзық бала» деп ақталған. Оның айтуынша, сәби «орыстарды және Ресейді жек көремін» депті.

Осы жайтқа қатысты полиция тексеріс бастады.

Новости партнеров