|
12.05.2020 | 09:42
1177

Иран әскери-теңіз флотында болған апаттан 19 әскери қызметші қайтыс болды

Иранның Әкери-теңіз күштерінің мәліметінше, жарақат алғандардың жағдайы бірқалыпты

Иран әскери-теңіз флотында болған апаттан 19 әскери қызметші қайтыс болды

Иранның оңтүстігіндегі оқу-жыттығу кезінде әскери-теңіз флотының 19 әскери қызметшісі қаза тауып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA-ға сілтеме жасап.

Иранның Әкери-теңіз күштерінің мәліметінше, жарақат алғандардың жағдайы бірқалыпты. Оқиғадан кейін құтқару жұмыстары басталды, зардап шеккендер эвакуацияланып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Апат Иранның оңтүстігінде (Хормозган оңтүстік провинциясы) Яск портындағы оқу-жаттығу кезінде «Конарак» кемесінде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Конарак» - Нидерландта жасап шығарылған ұзындығы 47 метр және су сыйымдылығы 40 тоннаны құрайтын кеме. 1988 жылдан бері Иран Әскери-теңіз күштері құрылымында тұр, кеме 2018 жылы жөндеуден өткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир