Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілген
Түркияның оңтүстігінде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияда Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулерінен кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелген. Қазіргі кезде апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына Түркия мен шет елдердің тиісті қызметтерінен 6 368 адам жұмылдырылған. Жұмысқа 234 мыңнан астам тартылды. Олардың арасында AFAD қызметкері, полиция, әскерилер мен еріктілер бар. Сондай-ақ қалпына келтіру жұмысына экскаватор, кран, бульдозер, жүк көлігі, су тасушы машина, тіркемеден тұратын 18 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілген.
Сонымен қатар 11 провинция мен 332 елді мекенде контейнерлік қалашықтар құрылды.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері тағы жарты жыл бойы жалғасады деп отыр. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қазақстаннан Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Қарағанды облысының құтқарушылары да атсалысты.
Оқи отырыңыздар: Ердоған түрік халқынан кешірім сұрады