Леонид Кравчук дүниеден озды

11.05.2022 14:59

Ол 1991-1994 жылдар аралығында тәуелсіз Украинаның тұңғыш президенті болды

Twitter

Леонид Кравчук 89 жасқа қараған шағында 10 мамыр күні ұзаққа созылған аурудың салдарынан дүние салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экспресс К мәліметінше, 2021 жылдың жазында Леонид Кравчуктің жүрегіне ота жасаған. Кейін Украинаның экс-президенті жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда ол операциядан кейін де толық айыға қоймаған.

Леонид Кравчук 1991-1994 жылдар аралығында тәуелсіз Украинаның тұңғыш президенті болды.

Теги: украина