Қытайда тағы жер сілкінді

26.02.2024 14:48

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ

elements.envato.com

Қытайда тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 26 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 07:28-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жерде Қытай аумағында, афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,3. MPV магнитудасы - 5,2", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.