|
18.10.2023 | 09:48
582

Мексикада құпия крематорийден адам сүйектері табылды

Прокуратура тергеу амалдарын бастады

Мексикада құпия крематорийден адам сүйектері табылды Фото: pixabay.com

Мексиканың батысында қылмыстық топ құрбандарының мәйітін көміп келген жасырын крематорий табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елдің батысындағы Халиско штатында жасырын крематорийден адам сүйектері табылды. Бұл орынды «Madres Buscadoras de Jalisco» із-түзсіз жоғалғандардың аналары іздеу тобы анықтады.

Прокуратура тергеу амалдарын бастады.

Жоғалғандарды іздеп жүрген топтардың сендіруінше, есірткі картельдері мен басқа да қылмыстық топ құрбандарын пеште өртеп, із жасырған.

Ұлттық іздеу комиссиясының мәліметінше, із-түзсіз жоғалғандардың дені Халиско штатынан: 120 мыңнан астам адамның 15 мыңы. Адам жоғалу оқиғаларының дені 2006 жылы басталды. Ол кезде үкімет есірткіге қарсы күрес жариялап, зорлық-зомбылық күрт артып кетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир