Әлемнің ең қарт тұрғыны қайтыс болды
Фото : 24kz
Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлемнің ең қарт тұрғыны жапондық Ватанабэ Титэцу 112 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмды. 12 ақпанда Ватанабэ Титэцу Гиннесс рекордтар кітабына Жердің ең қарт тұрғыны ретінде кірді.
Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген және 20 жасында Тайваньға көшіп, онда 18 жылын өткізген. Кейіннен Жапонияға қайта оралған.
Титэцудан бұрын 2019 жылы 20 қаңтарда 113 жасында қайтыс болған Хоккайдо тұрғыны Масазо Нонака әлемдегі ең қарт адам болып саналды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46