|
04.03.2019 | 09:51
2554

Белгісіз біреу тікелей эфир кезінде студияға басып кіріп, тележүргізушіге шабуыл жасады (видео)

Полиция шабуылдаған әйелді тұтқындады

Таиландтық тележүргізуші Тананя Пипитваничакарн тікелей эфир кезінде шабуылдың құрбаны болды. Белгісіз біреу студияға басып кіріп, оның мойнына бұрағыш тақап қорқытты.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Пипитваничакарн телелотереяның нәтижесін хабарлауға дайындалып жатқанда белгісіз біреу оған бас салып, мойнына бұрағыш тақаған. Жүргізушінің әріптестері шұғыл түрде көмекке келіп, шабуылдаған әйелді ұстап алды. Оқиға салдарынан журналист зардап шеккен жоқ. Ол тек қорқып қалған және кішігірім жарақат алыпты.

Полиция шабуылдаған әйелді тұтқындады. 35 жастағы Прапан полиция бөліміне бара жатқанда қарсылық танытқан. Әйел қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеушілерге жауап беріп, кінәсін мойындады.

Прапанның сөзінше, ол осы әрекеті арқылы құқық қорғаушылардың назарын өз отбасына аударғысы келген. Бұған дейін оның анасы есірткіні сақтағаны үшін заңсыз тұтқындалыпты. Сондықтан ол анасына ақтап алмақ болған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир