Facebook RT жобасының парақшасын жойып жіберді
Sputnik
Парақшаның 40 мың оқырманы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Facebook Russia Beyond-тың тағам рецепті жарияланатын парақшасын өшіріп тастады. Бұл туралы жоба редакторы Всеволод Пуля хабарлады, деп жазды Sputnik.
"Facebook біздің Russian Kitchen атты парақшамызды жойып жіберді. 40 мың оқырманымыз болатын", — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, парақша әкімшілерінің бәріне "сторис" көрсету шектелгені туралы хабарлама келген. Алайда бұл парақшада "сторис" мүлдем жасалмаған.
Бір-екі күннен кейін парақшада әкімшілерінің тұратын елі көрсетілетіні хабарланыпты. Тағы бір күннен соң, жарияланым өшірілген. Кейін парақша мүлдем жойылып кетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41