Қалған жолаушылар ауруханаға жеткізілді
Испанияның Сердедо-Котобад муниципалитетіндегі Лерез өзеніне автобус құлап, 6 адам қаза тапты, тағы екеуі N-541 жолының 67,5 шақырымында жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Автобус жолды шайып кеткен қатты нөсердің салдарынан өзенге құлаған.
Апат туралы құтқарушыларға алғаш болып оқиға орнынан өтіп бара жатқан жүргізуші хабарлаған, ол қоршаудың қираған бөлігін байқаған. Кейін автобуста болған жолаушылар қоңырау шалған. Олар салон суға толғанын айтқан.
Автобус жүргізушісі мен бір жолаушы құтқарылып, олар ауруханаға жеткізілді.
Көпірдің айналасындағы іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, ал инженерлер қазір Лерез өзенінен қоқыстарды шығарып жатыр.