Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", - деді Путин.
Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өтті. Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады және бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасағандарды сотқа тартады, деді Ресей президенті.
Путин Ресейдің әрекеті сыртқы күштерден қорғану екенін атап өтті. Оның айтуынша, НАТО "қызыл шекараны" кесіп өтті, ал Ресей шекаралас аумақта әскери игерулердің іске асырылуына жол бермейді.