10 жастағы қыздың салған әні миллиондаған көрермен жинады (видео)

01.07.2019 14:53

Оның келесі кезеңге өтуіне қазылар алқасының төрт мүшесі де бірауыздан дауыс берді

America's Got Talent бағдарламасына қатысқан 10 жастағы Иман Биша ерекше даусымен көрермендерді тәнті етті. Оның YouTube-қа жариялаған видеосын айналасы бір аптаның ішінде екі миллионнан астам адам көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауда кішкентай қыз Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсының соңғы актіндегі «Ешкім де ұйықтамайды» (Nessun dorma) ариясын орындады. Тамаша дауыс иесінің келесі кезеңге өтуіне қазылар алқасының төрт мүшесі де бірауыздан дауыс берді.

Иман Биша Иорданияда туған. 2017 жылы ол араб елдерінің Arabs Got Talent байқауында жеңіске жеткен. Сол жолы Иордания королі ІІ Абдалла Иманды алтын медальмен марапаттаған болатын.