|
04.11.2021 | 09:55
6675

Әкесі 5 жасар қызының жүрегі мен екі бүйрегін донорлыққа берді

Бүлдіршін ата-анасының көптен күткен жалғыз перзенті болған

Әкесі 5 жасар қызының жүрегі мен екі бүйрегін донорлыққа берді ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүлдіршін осыдан екі жыл бұрын оқыс оқиға болып, сырқатқа шалдыққан. Содан бері аурумен күресіп келген оның миы 28 қазанда тоқтаған. Жалғыз перзентінен айырылған әке донорлық ағзаға мұқтаж өзге балаларға өмір сыйлау үшін осындай қадамға барыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея тұрғыны Юн Со Юльдің жүрегі мен оң және сол жақ бүйрегі өзге балаларға трансплантацияланды. 

Бүлдіршін ата-анасының көптен күткен жалғыз перзенті болған. Үш жасынан бастап би билеп, теледидардан көрген өнер жұлдыздарына еліктеген екен. Туыстары оны болашақта танымал жұлдыз болады деп армандапты. Алайда 2019 жылы балалар алаңшасында ойнап жүрген Юн Со Юль байқаусызда құлап, миына зақым келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың денсаулығы күн санап нашарлай түскен. Бірақ соңғы рет ауруханаға жатқанда беті бері қарап, аман қалады деген үміт пайда болған екен. Ал осыдан 6 ай бұрын қыздың анасы қатерлі ісік ауруынан көз жұмған.

28 қазан күні бүлдіршіннің миы жұмысын тоқтатты. Әкесі қызының сау органдарын донорлыққа беруге шешім қабылдаған.

"Қызымның сау ағзаларын өзге сырқат балаларға беру туралы шешімді қабылдадым. Себебі басқалардың өмірін сақтап қалғым келді. Бастысы, қызымның жүрегі өзге баланың ағзасында болса да, соғып тұр" – деді 43 жастағы ер кісі.

Сеул ұлттық университеті ауруханасындағылар кішкентай періштенің жүрегін, сол және оң бүйрегін донорлыққа алғанын растады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

бала қыз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир