Берлинде Ангела Меркельдің Германия Федеративтік Республикасының канцлері қызметінен кетуіне байланысты оның құрметіне "Вечерняя заря" атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Салтанатты шараны бундесвер - Германияның қарулы күштері ұйымдастырды.
Бұл оқиға Меркельдің 16 жыл қызмет еткен биліктен кетуі алдындағы маңызды сәт. Ол ресми түрде канцлер қызметінен келесі аптаның басында, 8 желтоқсанда кетеді.
"Вечерняя заря" рәсімі - азаматтық адам неміс әскерінен алатын ең жоғары құрмет белгісі. Ол өзінің тарихын XVI ғасырда бастаған, бірақ неміс канцлерлері 1998 жылдан бастап Гельмут Коль ГФР үкіметінің басшысы қызметінен кеткен кезде осындай құрметке ие болды.
Коронавирусқа қарсы шектеулерге байланысты салтанатты жиын шектеулі форматта өтті. Оған 200-ге жуық адам қатысты, оның ішінде 52 адам Меркель тұсында федералды министр болғандар.
Меркельдің қысқа сөзінен кейін әскери оркестр бірнеше композицияны орындады, оның ішінде үшеуі Меркельдің таңдауы бойынша орындалды. Ол кетер алдында канцлер Нина Хагеннің Du hast den Farbfilm vergessen әнін орындауды сұрады.
Германия канцлері ретіндегі Меркельдің мұрагері Германия Социал-демократиялық партиясының 63 жастағы мүшесі Олаф Шольц болады. Соңғы үш жыл ішінде ол Меркель Үкіметінде вице-канцлер және қаржы министрі қызметін атқарды. Ресми түрде оның кандидатурасы 8 желтоқсанға дейін бекітіледі деп күтіледі.
Туған қызынан теріс айналған ана І Шешімі бар