Ташкентте жер сілкінісі болды

09.09.2024 14:56

9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 05:45-те болған

Cгенерировано ИИ

Ташкентте магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісі 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 05:45-те болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында болған. Жер сілкінісі ошағынан Ташкентке дейінгі арақашықтық солтүстік-шығыс бағытта 10 шақырым.

Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпулерінің күші:

 

  • Мирзо-Ұлықбек ауданы 2 балл,
  • Мирабад ауданы 2 балл,
  • Шайхантахур ауданы 2 балл,
  • Яшнабад ауданы 2 балл,
  • Алмазар ауданы 2 балл,
  • Яккасарай ауданы 2 балл,
  • Чиланзар ауданы 2 балл.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ойын бизнесін реттейтін комитет құрылды