Ұшақ орман алқабына құлап, жарылды
Бразилияда екі моторлы ұшақ құлап, кейін жарылды. Салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Оқиға сейсенбі таңертең Сан Паулу штатындағы Пирасикаба қаласында болды.
«Ұшақ орман алқабына құлап, жарылды. Артынша өрт шықты», – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметінің ақпаратынша, ұшақта екі ұшқыш пен бес жолаушы – бір отбасының мүшелері болған. Бәрі апат орнында қаза тапты.
Жарылыс пен өрттен олардың денесі қатты күйген, жеке басы әзірге анықталған жоқ.
Sete pessoas morreram esta terça-feira em consequência da queda de um avião no interior do estado de São Paulo, no sudeste do Brasil, informaram fontes oficiais.
—
A aeronave caiu logo após descolar, numa área arborizada próxima da Escola de Tecnologia do Estado de São Paulo. pic.twitter.com/OdMEH0Ymsj