|
28.01.2021 | 09:58
2563

Коронавирус індетіне байланысты Канн фестивалі жазға қалдырылды

Әуелде фестиваль, жылдағыдай 11-22 мамыр аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын

Коронавирус індетіне байланысты Канн фестивалі жазға қалдырылды  kkbbd.com

Канн фестивалі биылғы жазда өткізіледі. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, іс-шара шілденің 6-17 аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әуелде фестиваль, жылдағыдай 11-22 мамыр аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын. 

«Өткен жылдың күзінде Канн фестивалін өткізу мерзімі әлемдегі санитарлық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екендігін хабарлағанбыз. Осылайша, Канн онкүндігі алдын ала жоспарлағандағыдай 11-22 мамыр аралығында емес, 2021 жылдың 6-17 шілдесінде өтеді»,– делінген мәлімдемеде. 

2020 жылы әйгілі фестивальді өткізу уақыты пандемияға байланысты өзгертілді. Алайда, көрермендер назарына ұсынылуы тиіс көрсетілімдердің бір бөлігі өзге фестивальдер мен кинотеатрлардағы тақырыптық қойылымдар барысында көрсетілді. 2020 жылы іс-шара вирусқа қарсы қатаң шараларды ұстана отырып, Берлин мен Венецияда ұйымдастырылды. Биылғы жылы фестивальді Бердинде ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу мерзімі өзгергенін айтты. 

Сондай-ақ конкурстық көрсетілімдердің онлайн өтетіні, ал көрермендер қатысатын шаралардың мамыр айында өтетіні мәлім болды. Айта кетейік, өткен жылы пандемияның шарықтау шегіне жеткен кезінде Канн фестивалін ұйымдастырушылар оны көрермендермен бірге, тіпті онлайн өткізуден де бас тартқан болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир